Тақырыптар
    Мерзімсіз және фьючерстік саудашарт: Комиссиялар түсіндірмесі
    bybit2024-12-09 03:53:36

    Трейдерлерді нарық тейкерлері немесе нарық мейкерлері ретінде жіктеуге боалды. Әрбір орындалған ордер үшін сауда комиссиялары алынады. 

    • Өтімділікті алғысы келетін және кітаптан өтімділікті дереу алатын нарық тейкерлері. Олардан тейкер комисссиясы алынады. 

    • Өтімділік қамтамасыз ететін және ордерлер кітабының нарық тереңдігін арттыратын нарық мейкерлеріне мейкер комиссиясы алынады. 

    • Сауда комиссиясы аккаунт балансынан алынады және ол ордердің бастапқы маржасына әсер етпейді.

    • Трейдерлер сауда комиссияларын сауда тарихында көре алады. 

     

    Ескерту: Төменде көрсетілген мөлшерлеме VIP емес пайдаланушыларға арналған. VIP мөлшерлемесі туралы қосымша ақпаратты  сауда комиссияларының құрылымы бөлімінде қараңыз. 

     

     

    Сауда комиссиясының мөлшерлемесі

    Төмендегі кестеде әртүрлі өнімдер үшін базалық сауда комиссиясының мөлшерлемесі және әрбір VIP деңгейі үшін қажетті критерийлер көрсетілген. Алайда, нақты комиссия мөлшерлемесі сіздің аймағыңызға байланысты өзгеруі мүмкін. Нақты комиссия мөлшерлемесін алу үшін жеке бас верификациясы процедурасы аяқталғаннан кейін әрқашан "Комиссиялық мөлшерлемем" бетіне кіріңіз.

     

     

     

    Инверстік мерзімсіз және фьючерстік саудашарттары

    1. Сауда комиссиясы

     

    Тейкер комиссиясының мөлшерлемесі

    Мейкер комиссиясының мөлшерлемесі

    0,055% 

    0,02%

     

    Формула 

    Сауда комиссиясы = Ордер құны x Сауда комиссиясының мөлшерлемесі

    Ордер құны = Саны / Орындалған бағасы

     

    Мысалы

    A деген трейдер нарықтық ордермен 10 000 BTCUSD саудашарттарын сатып алады.

    B деген трейдер лимиттік ордермен 10 000 BTCUSD саудашарттарын сатады.

     

    Орындау бағасы 8000$ деп есептесек:

    A деген трейдер үшін тейкер комиссиясы = 10 000/8000 × 0,055% = 0,0006875 BTC

    B деген трейдер үшін мейкер комиссиясы = 10 000/8000 × 0,02% = 0,00025 BTC

    Осылайша, орындалған кезде А трейдері 0,0006875 BTC тейкер комиссиясын төлейді, ал В трейдері 0,00025 BTC мейкер комиссиясын төлейді.

     

     

    2. Есеп айырысу комиссиясы (тек инверстік фьючерстік саудашартқа қолданылады)

    Барлық фьючерстік саудашарттардың жарамдылық мерзімі (сондай-ақ есеп айырысу күні деп те айтылады) болады және осы өнім сипаттамасына байланысты барлық фьючерстік позициялар көрсетілген есеп айырысу күніне дейін толығымен жабылады. Сондықтан, трейдерлер өз позициясын қолмен жаппауды шешкен кезде, есеп айырысу күніне жеткенде, жүйе позицияны автоматты түрде реттейді. Бұл процесте платформа 0,05% есеп айырысу комиссиясын алады.  

     

    Формула 

    Есеп айырысу комиссиясы = Ордер құны × Есеп айырысу комиссиясының мөлшерлемесі

    Ордер құны = Саны / Орындалған бағасы

     

    Мысалы

    Трейдер BTCUSD0331 фьючерстік позициясын 20 000$-да 10 000 мөлшерінде ұстайды. Ол позицияны қолмен жаппауға және есеп айырысу күніне дейін позицияны ұстауға шешім қабылдады. 2023 жылдың 31 наурызы UTC 08:00:00-де жүйе автоматты түрде жабады және позициясын реттейді.

     

    Есеп айырысу бағасы 20 600$ деп есептесек:

    Есеп айырысу комиссиясы = (10 000/20 000) x 0,05% = 0,00025 BTC 

     

    Демек, есеп айырысу күні трейдер есеп айырысу комиссиясының 0,00025 BTC-ын төлеуі керек. 

     

    Ескерту: Есеп айырысу комиссиялары бекітілген (VIP деңгейіңізге қарамастан) және науқанның шарттары мен ережелерінде басқаша көрсетілмесе, комиссиялық жеңілдіктер немесе бонустар қолданылмайтынын ескертеміз.

     

     

     

    Мерзімсіз USDT саудашарты

    Сауда комиссиясы

     

    Тейкер комиссиясының мөлшерлемесі

    Мейкер комиссиясының мөлшерлемесі

    0,055% 

    0,02%

     

    Формула

    Сауда комиссиясы = Ордер құны x Сауда комиссиясының мөлшерлемесі

    Ордер құны = Саны × Орындалған бағасы

     

    Мысалы

    A трейдері USDT арқылы нарықтық ордерді пайдаланып, 10 BTC сатып алады.

    B трейдері лимиттік ордерді пайдаланып, 10 BTC саудашарттарын сатады.

     

    Орындау бағасы 8000 USDT деп есептесек:

    A трейдері үшін тейкер комиссиясы = 10 × 8000 × 0,055% = 44 USDT

    B трейдері үшін мейкер комиссиясы = 10 × 8000 × 0,02% = 16 USDT

     

    Демек, орындалған кезде А трейдері 44 USDT тейкер комиссиясын төлейді, ал В трейдері 16 USDT мейкер комиссиясын төлейді.

     

     

     

    Мерзімсіз USDC және фьючерстік саудашарттары 

    1. Сауда комиссиясы

     

    Тейкер комиссиясының мөлшерлемесі

    Мейкер комиссиясының мөлшерлемесі 

    0,055%

    0,02%

     

    Формула

    Сауда комиссиясы = Ордер құны x Сауда комиссиясының мөлшерлемесі

    Ордер құны = Ордер саны × Орындалған бағасы

     

    Мысалы

    А трейдері нарықтық ордерін пайдаланып, 10 BTC-дық BTC-PERP саудашартын сатып алады.

    B трейдері лимиттік ордерін пайдаланып, 10 BTC-дық BTC-PERP саудашартын сатады.

     

    Орындау бағасы 50 000$ деп есептесек:

    A трейдері үшін тейкер комиссиясы = 10 × 50 000 × 0,055% = 275 USDT

    B трейдері үшін мейкер комиссиясы = 10 × 50 000 × 0,02% = 100 USDT

     

    Орындау кезінде А трейдері 275 USDC тейкер комиссиясын төлейді, ал В трейдері 100 USDC мейкер комиссиясын төлейді.

     

     

    2. Есеп айырысу комиссиясы (тек USDC фьючерстік саудашарттарына қолданылады)

    Барлық фьючерстік саудашарттардың жарамдылық мерзімі (сондай-ақ есеп айырысу күні деп те айтылады) болады және осы өнім сипаттамасына байланысты барлық фьючерстік позициялар көрсетілген есеп айырысу күніне дейін толығымен жабылады. Сондықтан, трейдерлер өз позициясын қолмен жаппауды шешкен кезде, есеп айырысу күніне жеткенде, жүйе позицияны автоматты түрде реттейді. USDC фьючерстік саудашарттары үшін есеп айырысу комиссиясы алынбайды.

    Was it helpful?
    yesYesyesNo