Тақырыптар
    Bybit биржасында фиаттық сауда жұптарын саудалаудың жолы
    bybit2024-11-08 08:03:07

    Мұнда алғашқы фиаттық жұп мәмілеңізді жеңілдетуге арналған ақдамдық нұсқаулық берілген. Ол сізді бүкіл процестен өткізеді: фиаттық валютаны депозиттеу, фиаттық валютаны аудару, ордерлерді орналастыру және көру әрі фиаттық валютаны шешіп алу.

     

     

    Фиаттық валютаны депозиттеу

    Bybit сізге фиат балансы арқылы лезде сауда жасауды жеңілдету үшін фиатты депозиттеулердің әртүрлі жолдарын қамтамасыз етеді. Әртүрлі фиаттық валюталарда қаражаттарды депозиттеулердің процедуралары аздап ерекшеленеді. Қосымша мәліметтер алу үшін мұнда кіріңіз.

     

     

     

    Фиаттық валютаны аудару

    Фиат валютасындағы депозит қаржыландыру аккаунтыңызға аударылады. Ордер орналастырмай тұрып фиаттық валютаны қаржыландыру аккаунтыңыздан спот аккаунтыңызға аударыңыз. 

     

    1-қадам:  Аккаунт активтерін қаржыландыру бетінде аударғыңыз келетін фиаттық валютаның бағанында  Аудару түймесін басыңыз. 

     

    image2.png

     

     

     

     

     

    2-қадам: Таңдалған аккаунттар мен фиаттық валютаның дұрыс екеніне көз жеткізіңіз, содан кейін аударылатын соманы енгізіңіз. Содан кейін «Растау» түймесін басыңыз.

     

    image4.png

     

     

     

    Ордеріңізді орналастырыңыз және көріңіз

    Шарлау тақтасында Сауда жасау → Спот саудасы тармағын басыңыз, содан кейін транзакцияңызды бастау үшін тиісті фиатты таңдаңыз. 

     

    image3.png 

     

    USDT/EUR жұбын мысал ретінде алайық:

    USDT-дің ағымдағы бағасы 0,95 EUR болса. Трейдерлер 95 EUR арқылы 100 USDT сатып ала алады немесе 100 USDT-ді 95 EUR-ға сата алады.

     

    А деген трейдер нарықтық ордерді пайдаланып EUR арқылы 100 USDT сатып алады.

    B деген трейдер лимиттік ордерді пайдаланып 100 USDT- ді EUR-ға сатады.

     

    А деген трейдер үшін тейкер комиссиясы = 100 USDT x 0,1% = 0,1 USDT

    В деген трейдер үшін мейкер комиссиясы = 95 EUR X 0,1% = 0,095 EUR

     

    Ордер орындалғаннан кейін:

    А деген трейдер нарықтық ордер арқылы 100 USDT сатып алады, осылайша ол 0,1 USDT тейкер комиссиясын төлейді. Сондықтан, А деген трейдер 99,9 USDT алады.

    В деген трейдер лимиттік ордер арқылы 100 USDT сатады, осылайша ол 0,095 EUR мейкер комиссисын төлейід. Сондықтан В деген трейдер 94,905 EUR алады.

     

    Ескертпе:

    — Спот ордерлерін орналастыру жолы туралы қосымша мәліметтер алу үшін Спот саудасын бастау жолы бөлімін қараңыз. 

    Фиат саудасына спот саудасымен бірдей комиссиялар алынады. Қосымша ақпаратты мына мақалада қараңыз: . Спот саудасы: Комиссиялардың түсіндірмесі.

     

    Ордер мәліметтерін немесе мәмілелер тарихын көру үшін позиция аймағында  Ағымдағы ордерлер, Бұрынғы ордерлер немесе Мәмілелер тарихы бағанын қараңыз. 

     

    image6.png

     

     

     

    Фиаттық валютаны шешіп алу

    Фиаттық валютаңызды шешіп алу үшін Қаржыландыру аккаунты → Фиатты шешіп алу тармағына өтіңіз. Әртүрлі фиаттық валюталарда қаражаттарды шешіп алудың прцоедуралары аздап ерекшеленеді. Қосымша мәліметтер алу үшін мұнда кіріңіз.

     

     

    image.png 

     

    Сіз саудалайтын фиат сауда жұптарына фиатты шешіп алуда әлі қолдау көрсетілмеуі мүмкін екенін ескеріңіз. Қолдау көрсетілетін тиынды Фиатты шешіп алу бетінде тексеруге болады.

     

    image1.png 

    Was it helpful?
    yesYesyesNo